Жаңалық Арнайы жобалар Фото Редакция таңдауы

Астанада Рухани келісім күніне орай халықаралық конференция өтті

Фото: Артем Чурсинов

Бүгін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті. Шара Рухани келісім күніне орайластырылған, деп хабарлайды Ruh.kz.

Конференцияға Ұлыбританиядағы Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, епископтық қызмет мәселелері жөніндегі  Епископ Джо Бэйли Уэллс, Исламабад ислам университетінің Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Мұхаммед Зия-ул-Хақ, Үндістандағы «Сомайя Видьявихар» институтының конфессияаралық қарым-қатынас және өзара түсіністік бағдаламасының Хатшысы Рудракша Сакрикар,  Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының өкілі, доктор Арифин Яма онлайн форматта, сонымен қатар ҚР мемлекеттік орган және діни бірлестік өкілдері қатысты.

Конференция аясында ынтымақтастық пен рухани келісімді нығайту, қазіргі алмағайып заманда түрлі этникалық топтар және түрлі конфессия өкілдері арасында толеранттылық принципін ілгерілетіп, тұрақтылықа һәм адами құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.

Өз алғысөзінде Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Д.Есенова Қазақстан жаһандық өзгерістер мен қайшылықтардың қиын кезеңдерінде рухани келісім идеясын қуатты күшке айналдыра білген әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі екенін атап өтті.

Ал Мәртебелі Джо Бейли Уэллс болса «...біздің әлемге рухани үйлесімділік және түрлі көзқарас иелерінің біріге жұмыстану мүмкіндігі керек. Біздің әлем «оркестрінің» мүшелері бар және олар түрлі дыбыс шығаратын түрлі аспапта ойнайды. Құдай аспан мен жерді жаратқанда, осы үйлесім үшін жаратқан» деді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар Орталықтың іс-шараны ұйымдастыру жөніндегі бастамасын оң бағалап, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты одан әрі ілгерілетуге келісті.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button