Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада «Үздік жас отбасы» байқауының үздіктері анықталды

Астанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауының үздіктері анықталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Астана әкімдгі

Байқауға 50-ден астам өтінімнен 10-ы іріктеліп алынған.

Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету, – деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.

Отбасылық байқаудың әділ қазылар алқасы құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры  Гүлнар Кулушева болды.

Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «Талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек. 

Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:
• 1 орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
• 2 орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
• 3 орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер,

Сол сияқты 7 үздік отбасыға 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button