Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада ЖОО басшыларын оқыту басталды

Астанада Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшыларына арналған Academic Leadership Institute бағдарламасының 6-шы оқыту модулі басталды, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Жобаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі жүзеге асырды.

2023 жылдың сәуір айында басталған Academic Leadership Institute бағдарламасы білім беруді трансформациялау және бүгінгі динамикалық орта жағдайында жоғары оқу орындары әкімшілігінің көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруға және құзыреттерін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаға қатысушылардың алдында Ғылым және жоғары білім министрлігі Аппаратының басшысы Болат Төкежанов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «Академиялық көшбасшылық институты» курсы қамтитын аспектілердің әрқайсысының маңыздылығын атап өтті. Олардың арасында тұрақтылық, басқару, ұйымдастырушылық өзгерістер және таланттарды басқару бар.

Осы салалардағы құзыреттілікті арттыру өз білім беру ұйымдарында маңызды өзгерістерге бастамашы бола алатын көшбасшыларды құруға бағытталған, – деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сондай-ақ, бағдарлама тыңдаушыларының алдында Министрлік Аппаратының басшысы жоспарлау, бюджеттеу және болжау тақырыбында дәріс оқыды.

Жалпы, «Academic Leadership Institute» бағдарламасы 9 модульден тұрады, олардың әрқайсысы университеттегі белгілі бір трансформация процестерін қамтиды, мысалы, жоғары оқу орындарының құндылық бағдарлары және олардың қоғам үшін маңызы, көшбасшылық, университет құрылымын қайта қарау, студенттік мәселелерді шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету.

6-шы «Ұйымдастырушылық өзгерістер» модулінде тыңдаушылар көшбасшылық стратегияларды, маркетинг, брендинг, PR және цифрлық маркетингті қоса алғанда, өзгерістерді басқарудың негізгі аспектілерін зерттеді.

Модульдің екінші күні жоспарлау, бюджеттеу, болжау, мүлікті басқару және тәуекелдер сияқты ұйымдық өзгерістердің қаржылық аспектілеріне арналды.

Курс шеңберінде қатысушылар министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының, жоғары білім саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың дәрістерін тыңдайды, топтар бойынша жұмыс істейді, практикалық міндеттерді шешеді және тәжірибелерімен бөліседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button