Жаңалық

Астаналық жастар мемлекеттік тудың бейнесін рубик текшелерінен құрастырды

Фото: Астана әкімдігі

Республика күніне орай астаналық куберлер «Mega silk way» сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырды, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды. Көрерменнің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 6 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері жастар мен балаларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.

“Республика күніне орай MEGA SILK WAY сауда, ойын-сауық орталығының ұсынысын қабыл алып, Қазақстан картасында орналасқан еліміздің туын рубик текшелерімен жинаймыз деп шештік. Барлығы алты жігіт қатысты. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда спидкубинг спортын дамыту және еліміздің туын, елге қатысты басқа да суреттерді құрастыру арқылы көрерменнің патриоттық сезімін арттыруға ат салысу”, - деді Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі Шыңғыс Қайырылбаширов.

“Бізге қатты ұнап жатыр. Жастардың талантына, осындай рухты көтерертін дүниелер жасауға талпынысына тәнті болдық”, - деді қала тұрғыны Гүлзима Ибрагимова.

Куберлердің өнерінен соң іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button