Жаңалық

«ASYL JÚREK» сыйлығын табыстау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «2020 жыл – Волонтерлар жылы» деп жарияланды.

Жоғарыда аталған Мемлекет басшысының жарлығын және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік бағыттарын іске асыру, ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында 11 желтоқсан күні еріктілер арасында облыс әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы ұйымдастырылып өтті.

«ASYL JÚREK» премиясы жобасының сыйлығын табыстау салтанатты шарасында келесі номинациялар бойынша женімпаздардың тізімі.

– «Asyl Júrek: Мұрагер» Этно волонтерлік женімпазы – Сон Александр Витальевич.

– «Asyl Júrek: Жан жылуы» Әлеуметтік волонтерлік женімпазы – Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы.

– «Asyl Júrek: Табиғат сүйер» Эко волонтерлік женімпазы – Тандеев Сергей Георгиевич.

– «Asyl Júrek: Хайуанаттар қорғаушысы» ЗОО волонтерлік женімпазы – Гузенко Вероника Юрьевна.

– «Asyl Júrek: Көзсіз ерлік» ТЖ волонтерлік женімпазы – Амиргалиева Оксана Оралбайқызы.

– «Asyl Júrek: Білгенімен бөліскен» Онлайн волонтерлік женімпазы – Бекмустафаев Алишер Ермекұлы.

– «Asyl Júrek: Шипагер» медицина еріктілігің женімпазы Баткалбеков Алмабек Отарбайұлы.

– Asyl Júrek: Халық жанашыры» женімпазы – Халысұлы Хумар

Жүлдегерлер грамоталармен, ақшалай сертификаттармен, мүсіншелермен марапатталды.

Шара барысында Талдықорған өңірі бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілер жетекшісі, «Asyl Júrek: Жан жылуы» аталымының жеңімпазы Амангелді Төлемісов сөз алып, жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ұлтымыздың ұлы өзегінде мейірім мен махаббат, шапағат ұялағанын, көпке көмек көрсету ізгілердің игілікті ісі екенін, бұл марапат азғантай еңбекке деген құрмет екенін атап өтті.

Марапаттау барысында «Asyl Júrek: Көзсіз ерлік» номинациясының жеңімпазы, «Lider.kz» еріктілер клубының мүшесі Оксана Әмірғалиева өзінің ақшалай сертификатын көп жылдар бойы мұқтаж отбасыларға көмектесіп,               із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге қатысқан Үштөбе қаласының еріктісі – әріптесі Екатерина Серединаға берді. Себебі, тек шетелде ғана жүзеге асырылатын Екатеринаның емделуіне 5 мың еуро қажет.

Сонымен қатар, «Харекет» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға биыл 365 үйдің кілтін тапсырғанын атап өтті. Өз кезегінде көптен жиналған жылудың нәтижесінде 366-ншы пәтер кілтін тағдырдың сынағына ұшырап, бес баланы өсіріп отырған Ақмарал анаға табыс ететіндігін жеткізді.

Бес балауса қызды өмірге алып келіп, жалғызбастылыққа мойымай, ауыртпалықты балаларының бақыты жолында еңсеріп келе жатқан ғазиз жүрек иесі өз кезегінде толқыған көңілмен қазақ халқына, «Харекет» қорына деген ақеділ пейілін, ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, іс-шара Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, КММ «Қоғамдық келісім» және Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өтті.

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button