Жаңалық
«Асық ату» ойыны (инфографика)
![](/storage/storage/element/2021/11/23/mainphoto/LenZWD5Cr4uWshIaoWe2xHJzOfc8cZqmFVvjAVrg.jpg?time=1700903187)
«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.