Жаңалық
Аталы сөздің парқын байыптай аламыз ба?
Қазақтың тарихына зер салсақ, ел мен елдің, ру мен рудың арасындағы күрмеулі мәселелерді би-шешендердің уәжді сөзі арқылы шешіп отырған. Оған хан да, қара да тоқтаған. Қазақтың арғы-бергі тарихына үңілсеңіз бір-біріне жұмбақтап сөйлеп, сөздің қадірін арттырғанын, ашу қанша қысса да сөзге тоқтаған мәрт халық болғанын білесіз. Яғни, сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу мәдениеті қалыптасты. Ал ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеді. «Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың» деп ескертіп, сөз құдіретін асырып отырды. Бұл ойымызды «Аталы сөзге арсыз да тоқтайды» деген тәмсіл дәлелдей түседі.