Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қаншаға өсті?
ҚР Президенті жанындағы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтып берді.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері тікелей кедейлік шегіне байланысты. Осы тоқсанда кедейлік деңгей шегі 2 мыңға өсті. Ол 25 257 теңге болып тағайындалды. Әр отбасының жағдайы әртүрлі. Бекітілген көмектің сомасы жоқ. Табысына, жұмысына, отбасы мүшелерінің санына байланысты тағайындалады, – деді ол.
Данияр Әлкебекұлы айтып өткендей, АӘК 18 жасқа дейінгі балалардың құжатын ата-анасы өткізетінін айтты.
Бұл – бір отбасыға тағайындалатын көмек түрі. Көпбалалы отбасыларға биыл әр балаға 10 600 теңгеден төленеді. ЖОО-да оқитын балалар болса, 23 жасқа дейін төленеді. Ол көмектер жайлы әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан, тиісті сайттардан білуге болады, – деді ол.
Аягөз ҚҰРМАШ