Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанға АЭС не үшін қажет? - мамандар жауап берді

Фото: gov.kz

Қоғамда атом электр стансасын салу мәселесі көп уақыттан бері талқыланып келеді. Станса құрылысына қатысты ел ішінде екіұшты пікір аз емес. Жұртшылықтың кейбірі АЭС-тің қауіпсіздігіне қатысты күрделі сұраққа жауап іздеп қиналса, ал енді бірі стансаның Қазақстанды электр энергиясына деген тәуелділіктен құтқаратынына сенімді.

Қазақстанда үлкен уран қоры бар. Әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің қатарына жататын еліміз үшін өз шикізатын пайдалану арқылы энергетикалық тәуелділіктен арылуға мүмкіндік зор. АЭС ауаға улы газ шығармайды. Сондықтан бұл электр энергиясын өндірудің экологиялық таза әдісі саналады екен. АЭС салу туралы шешім қабылдау алдында Қазақстан аталған тақырыпты қоғам талқысына салды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу-салмау мәселесін арнайы референдум арқылы шешуді жөн деп тапты. Референдум 6 қазанда өтеді.

Осы мәселеге  қатысты мамандардың пікіріне жүгініп көрген едік:

Мұстафа Хұсайын, «QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» қауымдастығы орталық кеңесінің төрағасы:

- Ұрпағымыз өркениетті елдердің қатарында болуы үшін биылғы жылы елімізде Атом станциясын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр.Президент осы орайда халыққа өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр.Себебі, елімізде болған түрлі  ядролық сынақтарды халқымыз басынан кешірді. Енді бейбіт атомның қаншалықты елімізге пайдасы барын толықтай түсінсін,ой елегінен өткізіп барып,дұрыс ойын шешім қабылдасын деп отыр. Қазіргі таңда  Кеңес кезеңінде ядролық сынақ алаңында болып,өз көзімен көрген,бастарынан барлық қиындықты өткізген Семей, Чернобыль ардагерлері халық арасына шығып, АЭС салудың Қазақстан үшін  өте пайдасы зор екендігін түсіндірудеміз.Оны қазақстандық мамандар терең зерттеп,қарауда. Ғалымдарымыз бұл тұрғыдан жан- жақты жұмыстар жасап жатыр.Нақты зерделенген жұмыс өз нәтижесін берері сөзсіз. Энергияның баламалы түрін қолданбасақ ұрпағымыздың болашағы қалай болады?Көрші мемлекеттер бізге энергия көздерін бере ме,бермей ме? Бұл терең ойланып, қабылданатын мәселе деп ойлаймын.Атом саласындағы жақсы игіліктерді біздің еліміз де дұрыс бағытта қолдануы керек.

Қазақстандық атом электр стансалары» компаниясының бас инженері Асуан Сиябековтің айтуынша:

– Көпшілік атом электр стансасын экологияға және адам денсаулығына қауіпті деп ойлайды. Атом электр стансасының жылу электр стансасынан айырмашылығы біреу ғана. Жылуда көмір қазандығы болса, атомда ядролық реактор тұрады. Атом электр  стансасы суды көп пайдаланады, зиянды қалдықтары көп деген уәждердің барлығы шындыққа жанаспайды. АЭС-ке қарағанда жылу электр стансасынан бөлінетін зиянды қалдық әлдеқайда көп. Сондықтан атом энергетикасы «жасыл» энергия көздеріне жатады, – деді А.Сиябеков. 

Қалай дегенде де бүгінгі күні әлемнің 31 мемлекетінде 193 АЭС жұмыс істеп тұр. Олар 438 энергоблокты арзан электр қуатын өндіреді. Жалпы дүниежүзінде өндірілетін бүкіл электр қуатының 17 пайызы АЭС-тің үлесінде. Ғалымдар мен сарапшылар келешекте көмірсутегі қорларының таусылатыны жайында жиі айта бастады. Сонда әлемдік экономикада адамзат баласы тұтынатын электр қуаты қалай өндірілмек? Әрине, жел мен күннен алынатын қайталама энергия көздерін дамыту бірте-бірте басымдық алар. Бірақ атом электр  стансасын салу мәселесі күн тәртібінен түспесі анық. Ғалымдардың айтуынша, атом электр стансасын Алматы облысының Балқаш көлі жағасындағы Үлкен ауылында орналастыру жоспарланған. Ол стансаның салыну-салынбауы референдумда белгілі болады.  

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button