Жаңалық Редакция таңдауы

«Атың шықпаса, подкаст жаса»: Қазақ тіліндегі тұңғыш практикалық құрал таныстырылды

Фото: Ұлттық кітапхана

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Атың шықпаса, подкаст жаса» атты қазақ тіліндегі тұңғыш практикалық құралдың таныстырылымы және подкаст болашағы туралы талқылау өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Кітапты тәжірибелі подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан Alqa Publishing баспа үйімен бірлесіп шығарған. 

Авторлар подкаст жайындағы барлық ақпаратты осы кітапқа жинақтаған. Алғашқы бөлімінде аудионұсқадағы жазбаның тарихы баяндалады. Бұл саланың елімізге алғаш келуінен бастап дамуын тереңірек түсіндіреді. Одан кейін зерттеу жасауға подкастер әріптестерімен сұхбат ұсынылған. Қазақстанда подкаст жасау қаншалықты ыңғайлы және сол арқылы ақша табу мүмкін бе деген сұрақтардың жауабын іздеген құрал жас мамандарға сала бойынша бағыт-бағдар береді.

Шарада елімізге белгілі журналист, продюсер, подкастерлер тақырып аясында талқылау өткізіп, сала бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Модератор - кітап авторларының бірі, OY-DETOX подкастының жүргізушісі Әйнел Әмірхан.

Шараға қаламгерлер, журналистер,  студенттер, оқырмандар қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button