Жаңалық

Атырау облысында өңірлік комиссия отырысы өтті

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын Атырау облысында іске асыру жөніндегі өңірлік комиссиясының отырысы өткізілді.

Жиында «Дәстүр және ғұрып», «Үнем – қоғам қуаты», «Еңбек – елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет» арнайы жобаларының іске асырылу барысы қаралды.

Өңірде жүзеге асып жатқан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізіндегі «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының негізгі мақсаты: ұлттық бірегейлікті сақтау, құндылықтарымызды нығайту мен төл тарихымызды түгендеу.

Жиын барысында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Асулан Каримов «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларға тоқталып, арнайы жоба аясында ірі сауда орындарында, сондай-ақ «Ана үйі» қоғамдық бірлестігі «ШАНС» ҚБ  мекемесінде тіркелген өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға құжаттар рәсімдеу, алимент өндіру, азаматтардың жеке өмірінде кездесетін түрлі мәселелерімен сотқа жүгіну тәртібі бойынша және жылжымайтын мүлікке мұралық іс ашу мәселелеріне қатысты азаматтарға заң шеңберінде білікті заңгерлердің көмегі көрсетілгендігін баяндады.

Сондай-ақ, Департамент басшысы «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әділет департаментінің мемлекеттік мекемелермен, ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен, жұмыспен қамту орталықтарымен, өзге де білім беру мекемелерімен және Атырау облысындағы ірі мекемелермен меморандум жасалғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралардың тиісті деңгейде, мазмұнды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыста сапалы іске асырылуы бағытындағы жұмыстарды жандандыруға қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button