Жаңалық

Атырауда жүзге жуық отбасы баспаналы болды

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Наурыз мерекесінің «Шаңырақ күні» қарсаңында Атырау қаласында әлеуметтік осал санаттағы жандарға жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Игі іс Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. «Аягөз» және «Модерн» тұрғын үй кешендерінен 97 отбасыға жаңа пәтер берілді. Олардың бірі — туған-туысын жағалап, 11 жыл пәтерсіз жүрген қала тұрғыны Ольга Николаевна.

Біз үшін бұл өте маңызды күн. Дәл Шаңырақ мерекесінде өз пәтерімізге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Ұзақ уақыт кезекте тұрған жандардың бәріне айтарым, олар да біз сияқты, менің отбасым сияқты күтсін,- деді Ольга Николаевна

Баспаналы болған азаматтардың қатарында көпбалалы 32 отбасы, әлеуметтік осал топтағы 42 отбасы: оның ішінде I-II топ мүгедектері, асыраушысынан айырылған жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар және зейнеткерлер, одан бөлек 19 жетім бала бар.

Баспана тек баспана емес, үлкен өмірдің алғашқы қадамы, шаңырақтың түтіні мен ұрпақ сабақтастығының белгісі. Бұл күннің өзі баршаңызды қуанышқа бөлеуі тиіс.Және де, қазақтың «Шаңырақ шайқалмасын» деген жақсы сөзін айта кетейін. Бүгінгі баспанаға қоныс аударған азаматтарға шаңырақтарыңыз берік, үйлеріңіз бақытқа толы болсын деп тілеймін, - деді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button