Жаңалық
Редакция таңдауы
Атыраудағы лотос алқабы
«Қазақстанның туристік маршруты» айдарының бүгінгі саны Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзеніндегі лотос алқабы жайлы болмақ.
Құрманғазы ауданы – елдегі лотос өте көп гүлдейтін жалғыз аудан. Оның гүлдену кезеңі шілденің ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады. Маусымда күн сайын 50-ге жуық турист осы сұлулықты тамашалауға келеді. Лотос алқабы бес мың гектарға дейін созылады. Бұл жерде туристік компаниялар жұмыс істейді. Олар келген туристерге гидтер қызметін ұсынады.
Лотос алқабы Қызыл кітапқа енгізілгенін, өйткені ол қорғалатын табиғи аумақ.
Мамандардың айтуынша, бұл Атырау облысында сирек кездесетін құбылыс. Бұрын ол Волга суының жайылымдарында байқалған. Экзотикалық өсімдік 10-15 күндей гүлдейді. Лотос алқабы мұнайлы өлкенің брендіне айналуы мүмкін.