Әуезов жолы – үлгі, жұлдызы – бағдар
Назарбаев Университеттің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік Елдің рухани байрағы – Мұхтар Әуезов» атты естелік, сырлы сұхбат кеші өтті, деп жазады https://egemen.kz/article/160852-auezov-zholy-%E2%80%93-ulgi-zhuldyzy-%E2%80%93-baghdar“>egemen.kz.
Кешке белгілі ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қатысты.
Кештің шымылдығы Назарбаев Университеттің президенті Шигео Катсудың құттықтау сөзімен ашылды. Сөзін қазақша бастаған Шигео Катсу Әуезовтің жазушылық жолы мен аударма саласындағы еңбегіне тоқталып, кешке келген құрметті қонақтарды құттықтады. Назарбаев Университеттің студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қ.Даирова еліміздегі ең үздік білім ордасының шәкірттері тек қана технократ емес, руханиятқа да жақын екенін айтты. Себебі студенттер оркестрі Құрманғазының күйін орындап, «аманатқа адалдық» атты Әуезовке арналған сахналық қойылым қойды.
«Кісілік – тұлғамен өлшенеді. Байтақ тарихымызды тұлғалар тарихы құрайды. Бір қазаққа ғана емес, әлемге аяулы ұл болған аса көрнекті жазушымыз, ұстазымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120 жылдық мерейтойын ұйымдастырып отырған университеттің басшылығына, президентіне алғысымды айтамын. Әуезов туралы аз жазылған жоқ, аз айтылған жоқ. Әлі де айтылып, жазылады. Әуезов – қанша айтса да таусылмайтын байтақ әлем. Бір замандарда есіктен сығалаған, аудиторияға еркін кіруге именген біз енді естелік айтатын жасқа келіппіз. Алғашқы курсымызда халық ауыз әдебиетінен, одан кейінгі жылы абайтанудан, үшінші курста КСРО халықтары әдебиетінен Мұхаң бізге дәріс оқыды. Алдыңғы оқығандардан сұрасақ, оларға сабақ бергенімен, дәл бізге үш жыл қатырынан сабақ бермепті. Біз өте бақытты курс болдық. Оның үстіне бір жыл бір кафедрада ұстазыммен қызметтес болған едім.
Оған да Әуезов өзі мұрындық болған. Оқу бітірер жылы әдеби жыл қорытындысында драматургияға байланысты сөз сөйледім. Сол сөзім ұнап қалып, сондағы ректорымыз Дарханбаевқа телефон шалып, маған университетте қалуға жағдай жасады. Ұстаздық сол үмітін ақтау бәрімізге парыз болды. Әуезов жолы – үлгі, Әуезов биігі – мақсат, Әуезов жұлдызы – бағдар болып қала бермек», деп ұстаз ұлағатын еске алған Мырзатай Жолдасбеков кемеңгер жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Мекемтас Мыр- захметов сөзін Абайдан бастады. Абайдың «толық адам» ілімін соңғы уақытта зерттеп, сегіз университеттің оқу бағдарламасына енгізген ғалым бұл ұғымның түп-тамырын біздің заманымызға дейінгі дәуірде өмір сүрген Афрасиябтың болмысынан тауыпты.
Оның адамгершілік туралы өсиеті бүкіл Тұран даласына тараған. Ғалым Қытайдың, Үндістанның киелі кітаптарынан да соған ұқсас ұғымдарды тапқанын айтты. Кейін халық санасы өзгергенде Қожа Ахмет Ясауи бұл ұғымды қайта жазғанға ұқсайды. Ол кемел адам сипатын «толық адам» деп Абай жалғастырыпты. Ал хәкімнің шығармашылығымен, өмірімен қазақ халқын жіті таныстырған Әуезов болатын. Мекемтас Мырзахметов жазушының, бірінші абайтанушының осы қырына тоқталды.
Осы кештің аясында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің «Ділім» кітабының тұсаукесері өтті. Бүгінгі күні қазақ интеллектуалдарының аға буынына айналған Мұрат Әуезовтің өмір жолынан сыр шертетін кітап Назарбаев Университеттің кітапханасына және рухани жаңғыру орталығына сыйға тартылды. Осымен қоса айта кететін жайт, Мырзатай Жолдасбеков та өзінің қолтаңбасы жазылған кітаптарын Университеттің ұжымына сыйлады. Мұрат Әуезов студенттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, «Ділім» кітабының тақырыптық, идеялық ерекшеліктеріне тоқталды.
Назарбаев Университеттің атқарушы вице-президенті Ердан Құсаин кешті қорытындылап, қонақтарға алғыс айтты.
Бағашар Тұрсынбайұлы,
«Егемен Қазақстан»