Жаңалық Редакция таңдауы

Әуезов университетінің ғалымдары 12 гранттық жоба ұтып алды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесінде Әуезов университеті ғалымдары ғылымды дамытудың 7 басымдығы бойынша қаржы көлемі 844 млн. теңгені құрайтын 12 жоба ұтып алды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Олардың қатарында:

«Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша 4 жоба;

«Энергетика және машина жасау» басымдығы бойынша 1 жоба;

«Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша 2 жоба;

«Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» басымдығы бойынша 1 жоба;

«Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша 1 жоба;

«Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басымдығы бойынша 2 жоба;

«Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша 1 жоба.

Университет ғалымдары Фосфор өндірісінің құрамында фосфині бар қалдықтарды кешенді қайта өңдеу, энергияны үнемдеу мақсатында жылумен жабдықтау жүйелерін тазалау технологиясын, ұшқышсыз көліктер әзірлеу, бастауыш сынып оқушыларының конструкторлық-техникалық STEAM-ойлауын қалыптастыру және т.б. жобалар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Әрине, ұтып алынған гранттық жобалар ғалымдардың бірегей ғылыми жетістіктері болып қала береді және олар отандық ғылымды дамыту мақсатында жұмыстарын жалғастыра бермек.

Атап өтсек, соңғы жылдары ғылым саласында жыл сайынғы гранттар бөлу арқылы ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қаржыландыру көлемі айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда Әуезов университетінде қаржы көлемі 3 млрд. 926 млн. теңгені құрайтын 62 ғылыми жоба орындалуда.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button