Солтүстік Қазақстан облысы

ӘУЛИЕ АПОСТОЛДАР ПЕТР ЖӘНЕ ПАВЕЛ ШІРКЕУІ

Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ.,  Коминтерн к., 97

Әулие апостолдар Петр және  Павел шіркеуі сәулет ескерткіші болып табылады. Қаланың көне ғимараттарының бірі. Алғашқы болып 1803 жылы салынған шіркеу 1812 жылы бұзылды, ал 1813 жылы 22 қазанда дәл сол жерге жаңадан кішірек үш тақты  тас шіркеу тұрғызылды. Басты тақ әулие апостолдар Петр мен Павелге арналған,  солтүстіктегі әулие Николайға, оңтүстіктегі Аса қасиетті Құдай анаға арналған. Ғибадатханада апостолдар Петр мен Павелдің мүрделері сақталған.

 

Аңыз:Алғашқыда шіркеу 1803 жылы салынған, 1812 жылы бұзылды да, 1813 жылғы 22 қазанда  сол жерде жаңадан тас үш тақтық кішірек шіркеу қаланды. Бас тақ әулие апостолдар Петр мне Павелдің құрметіне,солтүстіктегі әулие Николайға, оңтүстіктегі Аса қасиетті Құдай анаға арналған. Үшеуі де күнәдан пәк етілді: 1815, 1818 және 1821 жылдары. 1838 жылы оттан  тастан жасалған қоңыраухана қатты зақымданды. Оны 1939 жылы бөлшектеп орнына 1844 жылы шіркеуден бөлек оған тас дәлізбен қосылатын жаңадан қоңыраухана тұрғызылды. Қоңыраухананың құрылысы 1848 жылы аяқталды. Шіркеу тастан жасалған шоин торлары бар шарбақпен қоршалған. Шіркеу прихожаниндардың  қаражатына салынды. Оның құны 100 мың  рубль.

1938 жылдан 1946 жылға дейін Покров шіркеуі  облместпромның қарауында болды. Мұнда нан, бәліш пісіріліп, май өндіру  үшін тұқым сақтайтын. Кейін шіркеу ғимаратында темекі шығаратын болған. 1946 жылы Петропавловскисполкомының  облсоветі діншіл қауымға берді. Ол кезде храмның түрі мүшкіл еді. Алтарь мен  иконостастоналған, көптеген иконалар мен киоттар  жойылған. Қабырғалардағы өрнектер күе болып ластанған. Орталық алтарьдің алдынан күмбезге дейін  үлкен мұржа орнатылған. Николай тағында  үлкен кірпіш пеш тұрды. Шіркеу ескірген,  ішінара бұзылған, крест пен қоңыраулар алынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button