Әулие Никольский шіркеуі
Нысан мерзімі: 1799 жыл.
Нысанның орналасқан жері: Ұзынкөл ауданы, Пресногорьков ауылы.
Қостанай облысының аумағында сақталған ең көне ғибадатханалардың бірі. Үлкен шіркеу шойтас пен күйдірілген кірпіштен 1799 жылы жергілікті тұрғындардың қайырымдылығына салынды. Құрылыс кезінде жұмыртқа ақуызы мен алебастр қосылған ерекше қоспаны пайдаланған. Тас шіркеу Әулие Николай Чудотворец пен Қазан Құдай Анаға арналып ағаш дуалмен қоршалған жазғы және қысқы екі бөліктен тұрады. Шіркеу қабырғасының жанында 1835 жылы облысты аралап жүргенде кенет қайтыс болған генерал-лейтенант Василий Иванович де Сент-Лоранның зираты орналасқан. 1935 жылы шіркеу жабылып, астық сақтайтын қоймаға айналды. 2005 жылдан бастап шіркеу қайта қалпына келтірілді. 1940-шы жылдары МТС құру үшін шіркеу мұнарасын бұзды. Шіркеудің оңтүстік жағынан жалғастыра клуб сахнасы ретінде құрылыс салынды. Шіркеудің екінші қабатына еден төселіп, кітапхана жасалды. 1957 жылдан 1983 жылға дейін шіркеу өрт сөндіру бөлімі ретінде пайдаланылды. 1991 жылдан бастап ғибадатхана орыс православие шіркеуіне берілді. 2005 жылдың жазында діндарлардың қайырымдылығымен шіркеуді қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.