Ахметов Зәки

Литература

04.05.1928, Шығыс Қазақстан обл. – 17.12.2002, Алматы



 



Әдебиеттанушы



 



 



ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері,



ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты



«Поэзия шыңы – даналық».



Зерттеу 



 



Әдебиеттану ғылымының методологиясы мен әдіснамасының, ұлттық поэтиканың білгірі, академик З.Ахметовтің “Поэзия шыңы – даналық” атты зерттеуінде қазақ сөз өнерінің өзгеше өрнек-кестесін, тарихи-әдеби үрдістің ерекшеліктерін, халықтың көркемдік ойлау жүйесін, сөз музыкалылығын, ой тапқырлығын, өлең құрылысын талдап, ой-тұжырымдарын баяндайды. Абайдың жаңашылдығы, әсіресе лирикалық қаһарман, ақындық тұлға табиғаты, классикалық ұлттық көркемдік стилі, дүниетану даралығы, ойшылдық, сыншылдық, сыршылдық сарындар, аудармашылық шеберлігі, оның бейнелеу әдіс-тәсілдерінің Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан өнернамасында жалғастық табуы нақты мысалдармен дәйектеледі. Сонымен бірге қазақ өлеңі құрылымы: буын, бунақ, тармақ, шумақ, ырғақ, ұйқас, интонация, пауза, дыбыс үндестіктері бір-бірімен біртұтастықта түсіндіріледі.



Академик З.Ахметовтің «Өлең сөздің теориясы», «Абайдың ақындық әлемі» атты іргелі зерттеулері бар.



 


Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора