Беделханұлы Бақыт

Литература

22.03.1975, Алматы обл.



Халықаралық “Алаш”сыйлығының лауреаты



«Уақыттың жүрегі»  жыр жинағы поэма, толғау, балладалардан тұратын, замананың тамыр соғысын тап басқан жинақ. Бұл жинақ - тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылдың аясындағы уақыт жүрегінің соғысымен үндес, мұңдас, сырлас. Поэма-толғаулары да оқырманды бейжай қалдырмайды.  Бақыт Беделханұлы – Тәуелсіздік алған жылдары әдебиетке келген жас қаламгерлердің арасындағы өзіндік қолтаңбасын ертерек қалыптастырған ақын.  «Алтынкөпірліктер» деп аталатын кезеңнің белді өкілі. Алғашқы жыр жинағы - «Кең дүниеден” басталатын «Көкемарал», «Жалғыздықтың жанары» өлең кітаптары оқырман игілігіне айналды. «Қанталапай» киносценарийі экрандалып, «Махамбет»,  «Ұлым, саған айтам...», «Тағдыр тақтасы» атты драмалық шығармалары таетрларда сахналанған.


Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора