Нұрпейісов Әбдіжәміл

Литература

22.10.1924,



Қызылорда облысы



Қазақстанның халық жазушысы,



ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері



«Қан мен тер».



Роман-трилогия



Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ көркем прозасының, оның ішінде роман жанрының дамуына зор үлес қосқан суреткер. Жазушыға тән басты ерекшелік – эпикалық кең құлашты терең психологизммен үндестіре отырып, өмір шындығын реалистік тұрғыда суреттеу. Оның қаламынан туған «Қан мен тер» трилогиясы – халық басынан кешкен тарихи-әлеуметтік ахуалды эпикалық кең тыныспен суреттеген туынды. Роман-трилогиядағы Арал теңізінің жағасын жайлаған қарапайым халықтың тағдыры, әлеуметтік жағдайы, ауыр еңбек пен бейнеттен тұратын балықшылар тағдыры, қазақ ауылының қым-қиғаш тіршілігі мен тартыстар жүйесі шынайылығымен оқырмандарын өзіне баурады. Бұл роман – заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. 


Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора