Отарбаев Рахымжан

Литература

19.10.1956, Атырау обл.



Жазушы, драматург.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері



«Аспандағы ақ көбелектер» туындысы адам мен оның еңбегін, өмір-дүние дидарын, тіршілік мәнін кеше мен бүгін байланысы негізінде ашады.  Жалпы жазушы әңгімелері ел өміріндегі алуан құбылыстарды, дала мен қала көріністерін, жастық-достық сырларын көркемдік өрнектермен сипаттап, шынайы шеберлікпен жеткізеді. Автордың ізденіске толы, мәні мол тағылымды туындылары Қазақстаннан тыс жерлерге де таныс. Жазушының «Біздің ауылдың амазонкалары» атты кітабына енген таңдаулы әңгімелері арасында – «Тәркі дүние» академик Саламатин мен оның жесірінің өмір өткелдерін, отбасылық қайшылықтарын,пенделік сипаттарын суреттесе, «Мона Лиза» элегиясы көркемөнер құдіреті мен құпиясын кең түрде көрсетеді. Бұдан басқа- «Жалғыздық», «Жасырынбақ», «Көрген-баққан» сынды әңгімелер қарапайым өмір көріністерін, тарих пен тағдыр талқысын, тіршілік иірімдерін негіз еткен. Кеңістік пен уақыт мәні айқын.


Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора