Сматаев Софы

Литература

22.06.1941, Қарағанды обл.



Жазушы, ақын, көсемсөзші.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері



«Елім-ай» атты дәуірнамалық, полифониялық сипаттары айрықша тарихи трилогиясында замана суреттері мен ұлт шамшырақтары, рухани көшбасшылар - Әнет баба, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, Тайкелтір шешен, ел тұтқасы - Әз Тәуке, Қайып хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, даңқты қолбасшы-баһадүрлер - Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Түйте, Жарылғап, Тана Есет, Жоңғар қонтайшылары -Қалдан, Ердене батыр, Сенге, Сыбан-Рабдандардың бейнелерін тарихи-көркемдік тұрғыдан тұлғаланды. Аталған роман еліміздегі тәуелсіздік рухының қалыптасуына елеулі үлес болып қосылды. С.Сматаевтың өлеңмен жазған «Жарылғап батыр» романы және драмалық шығармасы да белгілі.


Поделитесь страницей с друзьями

Произведения автора