Ауыл жастарының портреті (сауалнама)

«Қоғамдық сананы жаңғырту» әлеуметтік зерттеулер орталығының 14-28 жас аралығындағы ауыл жастарына жүргізген жаппай сауалнама нәтижелері:
Ауыл жастарының 67,3%-ы ауылдық жерлерде туғаннан бастап тұрады;
59,6% ерлер үшін 24-27 жас аралығы – отбасын құру үшін ең жақсы жас деп санайды, ал 55% әйелдер отбасын құру үшін 18-23 жас аралығы дұрыс деп есептейді.
Ауылдағы 57,4% жас отбасы үшін ең өзекті мәселе – жұмыссыздық.
60,8% өз болашағын өз ауылымен байланыстырады.
Ауыл жастарының 34,1%-ы алкогольді орташа мөлшерде ішеді, ал 31,9%-ы алкоголизм – ауыл жастары үшін проблема емес деп санайды.
Жастардың 51,8%-ы бос уақытын үйде өткізгенді жөн көреді, ал 40,4%-ы туыстары мен достарына барады.
72,4%-ы мектептегі білім сапасына толығымен қанағаттанады;
76,8%-ы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді, жазады және оқиды, 3,2% ағылшын тілінде еркін сөйлеп, жаза алады.
6,2%-ы жастар ұйымдарының белсенді қатысушылары, ал 74%-ы жастар ұйымдарының қызметін қызық емес деп санайды;
43,8%-ы елдегі саяси оқиғаларға сирек қызығушылық танытады, 22,6%-ы үнемі қызығушылық танытады.
14-28 жас аралығындағы ауыл жастарына жүргізілген жаппай сауалнама – 1000 респонденттің іріктемелі жиынтығы. Зерттеу географиясы – ҚР 14 облысы. Сауалнама 2019 жылы жүргізілді. Іріктемелі жиынтықтың орташа сипаттамаларының бас жиынтықтың орташа сипаттамасынан ауытқуы ± 3,5% – дан аспайды.