Жаңалық

Ауыл мұғалімі жеңіске жетті

Мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретуде жаңа технология қолданған ұстаз жетістікке жетті.

Павлодар облысының Ақсу  қаласы, Ақжол орта мектебінде ағылшын  тілі пәнін Айгүл Паланқызы есімді ұстаз оқытады. Айгүл Паланқызын әріптестері ізденімпаз мұғалім дейді. Айқын дәлелі – “Рухани жаңғыру” ақпараттық – сараптамалық орталығы және “Qazaq Bilimi” республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған “2018-2019 оқу жылының 100 үздік педагогикалық мақаласы” сайысынан дәл осы оқытушының еңбегі ерекшеленіп, Республикалық консурстың “Үздік баяндама” номинациясы бойынша  І дәрежелі дипломымен марапатталуы. Ұстаздың айтуынша, бұл оның республикалық деңгейдегі алғашқы жеңісі.

– Конкурсқа жолдаған мақалам «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану» деген тақырыпта жазылған. Яғни ағылшын тілі пәнінде қандай дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып оқытуға болатынын, оқушыға сыни ойлау әдістерін үйрету жолдарын көрсеттім. Ол технологияның барлығын, әрине, өзімнің әр сабағымда іске асырып келемін. Жақында ғана бір оқушым ағылшын тілінен өткен халықаралық сайыста бас жүлдеге ие болды. Заман өзгерген сайын оқыту әдістемесін өзгерту керектігі сөзсіз. Сол трансформация нәтижесі өз жемісін беруде деп сеніммен айта аламын.

Балаға үйретуден жалықпаған ұлағатты ұстаз Айгүл Паланқызының мектеп қабырғасында еңбек еткеніне 15 жыл толды. Жүздеген оқушының ағылшын тілін үйренуге деген құлшынысын оятып, жыл сайын тәлімгерлері қалалық қана емес, облыстық, республикалық түрлі сайыстарда бақ сынауда. Қашықтық олимпиадаларда да оқушылары жүлделі орындарға ие болып жүр.

Елбасымыз Н.Нaзapбaeв “…Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу –  бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз”, – деп сенім артады.

Сол себепті заман талабына сай өзгеріп, жаңашылдыққа қарай ұмтылып, ауыл мұғалімімін деп бір орында тежелмей, жан жақты дамуға ден қоятын Айгүл Паланқызының алар асуы әлі талай, дейді әріптестері.

Айнұр Нұрманғалиева, RUH.KZ

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button