Жаңалық
Редакция таңдауы
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстандағы БАӘ елшілігімен ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындады

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
БАӘ елшілігінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан, Тәжікстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Мұхаммед Саид Мохамед әл-Арикамен кездесті, деп хабарлайды Ruh.kz.
Кездесу аясында бірыңғай грант операторларының қызметі, гранттық қаржыландыру жүйесі және үкіметтік емес ұйымдардың жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.
Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, атап айтқанда мәдениет және қайырымдылық салаларын талқылады. Сондай-ақ ҮЕҰ мен қайырымдылық ұйымдарын қолдау, Қазақстандағы БАӘ бизнес-құрылымдарының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.