Әздембай сал Көтербайұлы жерленген жер
Әздембай Көтербайұлы (1836-1916) – қазақтың халық ақыны, сал-сері. Әздембай сал Ақмола облысы, Шарбақкөл ауданының Теке деген жерінде туған.
Халық арасында Әздембайды сал деп атаған. Әздембай сал – Арқаның танымал ақындарының бірі, домбырада шебер ойнаған. Балуан Шолақ, Ғазиз, Жаяу Мұсалармен үзеңгілес болып, оларды ұстаз тұтқан.
Бірқатар зерттеушілер оның шығармалары турасында айтарлықтай қор жинады. Бозтай Жақыпбаев Әздембай сал мұрасын жинап, оны 1946 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының қолжазбалар қорына аманаттады. 1961 жылы шежіре жинаушы Жұматай Мәдиев (1923-1967) Әздембайдың қолжазба мұрасын қорға тапсырды. 1947 жылы материал көлемі 45 беттен немесе 2801 жол мәтінінен тұрған екен.
Әздембай сал зираты Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы маңында орналасқан.