Жаңалық
Редакция таңдауы
Азия олимпиадасында NIS оқушылары физикадан топ жарды

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді. Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медаль алды.
Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі.
APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.