Арнайы жобалар
Бабырнама I Заһир әд Дин Бабыр I Дала ренессансы
«Бабырнама» Орта Азия халықтарындағы құнды тарихи еңбектердің бірі. Оны Моғол империясының негізін қалаушы Заһир әд-Дин Бабыр 1526-1530 жылдар аралығында шағатай тілінде жазған. Құнды еңбекте 15-16 ғасырлардағы Орта Азия мемлекеттерінің тарихы баяндалады. Құнды еңбек үш негізгі бөлімнен құралған. Біріншісі – «Ферғана», екіншісі – «Кабул», үшіншісі – «Үндістан» деп аталады. Алғашқы бөлімде 15-ші ғасырдың екінші жартысындағы Ферғана жазығында гүлденген қалалардың өмірін, тарихын, тайпалар мен халықтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілдік ерекшелігі және тағы басқа да құнды мәліметтер қамтылған.
