БАЙҚАРА ҒИБАДАТХАНА КЕШЕНІ
Орныласқан жері: Байқара ғибадатхана кешені Шал ақын ауданында орналасқан.
Мола. Қола дәуірі. Ерте темір ғасыры, ерте және кеш орта ғасыры.
Алғашқы рет 1956 жылы К.А.Ақышевтың басшылығыменСолтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жасағымензерттелінді. Кейінгі жылдары бірнеше рет археолог В.Зайберт пен А.Плешаковтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының барлау жасағыескерткішке қайта инспекциялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1997-1999 жылдарғы жазғы маусым кездерінде Герман-Қазақстан археологиялық экспедициясы бірлесе отырып, Герман археологиялық институтының (Берлин) Еуразия бөліміГ.Парцингердің және Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы В.Ф. Зайберттің басшылығымен мола қазылып алынды. СҚАЭ барлау жасағымен 2005 жылы қайта тексерілген.
Қазба жұмысы мүлдем күтпеген нәтижер әкелді – қорған жерлеу орны емес, скиф кезіндегі мәдени ғимарат, ғибадатхана болған екен. Тас, шым, қыртыстың бөлігі, ағаш пен балшық сияқты әртүрлі материалдардан б.э.д. 5 ғасырда көтерілген күрделі архитектуралық ғимарат болды.
Қола дәуірі, ерте темір ғасыры, ерте және кеш орта ғасыры кезіндегі Солтүстік Қазақстан тайпаларының материалдық және рухани мәдениетін сипаттайды.
Ақпарат көздері:
Лит: Зданович Г.Б., Зданович С.Я. Отчет. Археологические работы в Северо-Казахстанской области в 1966 году. Петропавловск, 1967.
Набоков С.Ф. Отчет об археологической разведке в Северо-Казахстанской области в 1968 году. Отчет. Археологические исследования на территории Северо-Казахстанской области в 1968 году. Петропавловск 1968, с. 95-96.
Зайберт В.Ф., Кисленко А.М., Плешаков А.А. Разведочные обследования археологических памятников Северо-Казахстанской области. Отчет. Археологические исследования в Северо-Казахстанской области в 1988 году. Петропавловск, 1989, т. 1., с. 41.
Плешаков А.А. Раскопки археологического объекта Ак-Ирий. Отчет. Археологические исследования на территории Северного Казахстана в 2004 году. Петропавловск, 2005, с. 5-40.
Отчет. Археологические исследования на территории Северного Казахстана в 2005 году. Петропавловск 2006, с. 8-18.