Жаңалық
БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты және «Асыл дизайн» ғылыми-өндірістік сән және ассортимент орталығымен бірлесіп, 2022 жылғы 3-7 мамыр аралығында Тараз қаласында Қазақстан колледждері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ұлттық байқауын өткізеді.
- Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық ою-өрнек, дәстүрлі қолөнер және киім дизайны элементтерін қайта жаңғырту, дамыту және одан әрі танымал ету.
- Байқауға «Киім дизайны» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша колледж оқушылары қатыса алады.
- Байқауда дизайнерлер, бизнес-тренерлер, ұлттық киім брендтерін дайынушылар, «Дизайнерлер одағы» халықаралық ассоциациясының мүшелері осы сала бойынша студенттерге арналған өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.
Ниет білдірушілер өтінімдерін @asparafashionweek @aspara.college «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің adressnastya@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 701 538 60 27 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.