«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының жаңа шығарылымы жарияланды
Бағдарламада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қандай вакцина салдырды, екпе алу рәсімі қалай өтті деген сауалдарға жауап берді.
«Қазақстандық вакцина сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатқаны белгілі. Оны күтпеу үшін бүгін ресейлік Спутник V вакцинасын салдырдым», – деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, әр адам өзінің азаматтық жауапкершілігін сезіне білуі керек. Себебі, бұл бүкіл қоғамның қауіпсіздігі үшін қажет.
«Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, вакцинация – вирусты жеңудің жалғыз жолы. Вакцина салдырғаннан кейін де қауіпсіздік іс-шараларын ешкім де өзгертіп жібермегені түсінікті. Қалыпты өмірге оралуымыз, балаларымызды мектепке жібере алуымыз, жақындарымызбен кездесіп, отбасылық, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізуіміз үшін ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы өте маңызды», – деді министр Аида Балаева.
Бұған қоса, бағдарламаға шақырылған арнайы қонақ – денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы екпе алуға қалай дайындалу керек, екпеден кейінгі кезеңде күтінудің маңызы туралы түсіндіріп берді.
Бүгін не талқыланды?
02:05 – Министрдің вакцина алғаннан кейінгі жағдайы қалай?
02:51 – А.Балаева қандай вакцина салдырды?
04:36 – Неліктен ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды?
05:43 – Вакцина салдырғаннан кейінгі сақтық шаралары
08:55 – Екпе алған адам айналасындағы адамдарға қауіпті ма?
10:36 – Екпеден кейінгі күтінудің маңызы
12:19 – Екпе салдырған адам қайтадан ауыра ма?
13:36 – Халықты вакцинамен қамтамасыз ету жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?
16:36 – Вакцинадан бас тартқандар жазаға тартыла ма?