Жаңалық Редакция таңдауы

Балаларды бағдарламалауға үйрететін 10 сайт пен ойын

Бүгінде технология қарыштап дамыған уақытта балалар ғаламат ақпараттық ортаға тап болғандай. Олар үшін қолжетімсіз дүние жоқ. Жоғары технология, ғаламтор заманы әлемнің бір бұрышында отырып, түкпір-түкпірінен ақпарат алуға мүмкіндік береді. Тіпті ойындардың көмегімен көптеген дүниеге үйрене алады.

Сomputer science (қолданбалы бағдарламалау және жобалау ғылымы) аталатын жаңа білім саласын баланың 4-6 жасынан оқытқан абзал.
Бұл жаста баланың қоршаған дүние туралы түсінгі қалыптасады. Ал ойын қашан да оқыту құралдарының бірі болып келген. Ал бүгін оқудың басты құралы ретінде гаджеттер (планшет, компьютер) алғы қатардан көрініп, баланы сандық білім әлеміне бастайтын жетекші құралға айналуда.

Балаларды бағдарламалауға үйрететін ең оңай бағдарламалар мен ойындар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз:

Code.org — жағымды интерфейс және бағдарламалау тілі қызметінің негізгі принциптері туралы қарапайым ойындар. Бұл балаларға қажетті білім беретін жоба. Қазақ тілі де қамтылған.

Crayon Physics Deluxe — баланың инженерлік ойын дамытып, түрлі жүйелер мен физикалық қозғалтқыштар жағдайында бағдарламалауды түсінуге көмектесетін тамаша ойын. Тіпті бағдарламалауға ғана емес, есепті интеративті процесс арқылы шешу логикасына үйретеді. Ал ол өз кезегінде аса маңызды тәрбие пәні болып табылады.

Lightbot — робот қимылының алгоритмін құруға арналған қарапайым оқыту материалына, жағымды графикаға ие ойын. Оқушының сценарийге мұқияттылығын дамытып, кейіпкердің қадамдық іс-әрекетін түсінуге үйретеді.

CodeCombat — Python, JavaScript, Lua және экзотикалық CoffeScript кодтарына ойын түрінде үйретумен айналысады.

CodeMonkey — кейіпкерімаймылдың көмегімен синтаксис принциптерін үйрететін ойын.

Tomorrow Corporation — ойыншы әр кезең сайын «ойын басқарушысы» беретін тапсырмаларды шешеді. Мысалы, құрастырғыш пазлдардың көмегімен модульдік функциялар менолардың қарапайым командалар негізіндегі амалдарын құрастыруға болады.

Scratch — болашақ бағдарламашының ой-өрісін дамытатын қосымша.

Kodu Game Lab — Microsoft Research командасы ұсынған оқытуға арналған ауқымды жоба. Дербес компьютерге арналған нұсқасы тегін болса, Xbox-қа арналған нұсқасының құны – ақылы. Ол ойынды жобалауға, виртуалды әлем құруға, модульділікке үйретеді. Кодтау және бағдарламалауға қатысты пайдасы аз болғанымен, ойын қосымшаларының дизайн негізін үйретудегі көмегі мол.

Hopscotch — iPad-қа арналған қосымша. Жағымды дизайнге ие бұл қосымша кодтауға қатысты негізгі ұғымдарды түсінуге көмектеседі.

RoboZZle — нұсқар әрекетінің алгоритмін құруға арналған қосымша. Балаға алгоритмдер теориясын тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.

Әрине, мұнда бағдарламалауға қатысты қосымшалардың барлығы көрсетілмеген. Алайда дәл осы қосымшалардың көмегімен баланы бағдарламалау әлемімен таныстыруға болады.

Ақпараттар bilim-all.kz сайтынан алынған

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button