Жаңалық

«Балаларды Қорғау Күні»

Бүкіл әлемде 1 – ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде атап өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. Біріккен Ұлтар Ұйымы аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділді қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту.

Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, ылғи әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі.
Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі‎». Балалардың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. «Балаларды Қорғау Күні» мерекесі қарсаңында Павлодар облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың өңірлік орталығына барды.
Мереке қарсаңына аталған орталықтың тәрбиеленушілеріне сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Осындай іс-шара Павлодар облысының Әділет департаментінің қызметкерлерімен тұрақты негізде өткізіліп тұратынын атап өткен жөн.
Бұл іс-шараның мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға моральдық көмек көрсету және олардың көңіл-күйлерін көтеру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button