Жаңалық

«Balmuzdaq Kids» YouTube каналы ашылды (видео)

Елімізде балаларға арналған таза қазақ тілінде сөйлейтін «Balmuzdaq Kids» YouTube каналы ашылды.

YouTube каналды ашқан белгілі журналист, қоғам белсендісі Данияр Есен: «Шыны керек, елімізде балалар контентін ұсынатын 1 ғана телеарна бар. Ол – «Balapan» телеарнасы. Болды. Қазақ балалары күні-түні YouTube-те отырады. Көретіні – «Настя мен Костя». Одан қала берді – «Маша мен Медведь». Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біз көп сөзден гөрі іске көштік. «Balmuzdaq Kids» YouTube каналын жасадық!» – дейді.

 

Бүгінде «Balmuzdaq Kids» YouTube каналының кішкентай жүргізушілері бар. Әлихан мен Жансая, Айару мен Ахмет таза қазақ тілінде сөйлейді. Бала тілімен балаларға арналған қызықты контент ұсынады.

 

Журналист Данияр Есен ендігі жерде ата-аналардан қолдау күтіп отырғанын айтады. «Ақша сұрап тұрғанымыз жоқ, ең құрығанда біздің каналымызға жазылып, оқырмандар санын көбейтуге көмектессеңіз болды», – дейді журналист өз жазбасында.

 

Ruh.kz сайтының ұжымы балаларға арналған жаңа YouTube каналының ашылуымен барша көрерменді құттықтайды!

 

Балаларға арналған қазақ тілді контентті дамытуға белсене кіріскен ұжымға сәттілік тілейміз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button