Жаңалық
Редакция таңдауы
«Барыс» АҚШ құрамасынан шыққан әлем чемпионымен келісімшартқа отырды
«Барыс» ХК баспасөз қызметі Джереми Браккомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.
![](/storage/storage/element/2022/07/21/mainphoto/nDS8pQtwhHDDrc41bksYiTE58smb8vhk5anmFanW.jpg?time=1700859018)
Америкалық шабуылшымен біржақты келісімшарт бір маусымға, яғни 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.
Бракко бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізді. АҚШ-тың жасөспірімдер мен жастар құрамасының құрамында әлем чемпионы атанды. Ол 2015 жылы Торонтоға шақырылды. 2017-2018 жылдардағы маусымда Бракко Торонто Марлиспен бірге Калдер кубогын жеңіп алды. AHL-де болған 169 ойыннан ол 145 (32 + 113) ұпай жинады.
Өткен маусымда хоккейші немістің “Крефельд Пингвинінде” өнер көрсетті. Германия чемпионатындағы 54 матчта Джереми 54 (14+40) ұпай жинап, өз командасының үздік ассистенті және бомбардирі атанды.