Барыс – елдігіміздің символы
Ықылым заманнан елдігіміздің символына айналған қасиетті жануар – барыс туралы кішігірім, қызықты ақпармен бөліскенді жөн көрдік. Мархабат!
1. Барыс – өте шапшаң әрі айлакер аң;
2. 15 метр биіктіктен секіріп, жемін ұстай алады;
3. Құйрығымен қоса алғандағы ұзындығы – 230-240 см, салмағы – шамамен 60 кг;
4. Қар барысының басты қорегі – таутеке, елік, марал, ешкі, арқар, қабан, қоян, кекілік пен ұлар;
5. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы тауларында, Тарбағатай мен Оңтүстік Алтай өңірінде тіршілік етеді;
6. Қазақстанда 130-ға жуық, әлемде бірнеше мың ғана барыс қалды;
7. Қар барысы жүретін ең жоғарғы нүкте – теңіз деңгейінен 6 шақырым биіктікті құрайды;
8. Олар қатты жылдамдықпен жүгіріп, секіру кезінде бағыттарын құйрықтары арқылы анықтайды;
9. Көзбен көргендердің айтуынша, қар барысы адамды көрген кезде ешқандай ашу-ыза танытпайды;
10. Басқа жануарлармен салыстырғанда барыстың биологиясы мен тіршілік ету аспектілері белгісіз;
11. Соңғы жылдары нақты саны мен өмір сүру салтын анықтау мақсатында фототұзақтар қойылған. Аппарат камерасы жыртқышты қос қапталдан да суретке түсіреді. Құрылғы кез келген ауа-райы жағдайында және тәуліктің қай уақытында да жұмыс істей береді. Оның қуаты 2 жылға дейін жетеді;
12. Терісінің құны шамамен 10 мың доллар тұрады;
13. 23 қазан – бүкіләлемдік қар барыстарының күні деп белгіленген;
14. БҰҰ мәліметінше, 20 жылдан соң қар барысының түрлері 10 пайызға азаяды;
15. Көбіне 13 жыл шамасында, кейбірі ғана 20 жыл өмір сүреді.