Жаңалық Редакция таңдауы

Бас қаланың зиялы қауымы Ахаңның рухына тағзым етті

Бүгін Алаштың аяулы перзенті, сұңғыла ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күн. Осыған орай 5 қыркүйек соңғы бірнеше жыл қатарынан Тіл мерекесі ретінде арнайы күнтізбелік мереке күндерінің қатарына еніп, аталып келеді.

Дегенмен Тіл мерекесіне күнтізбеде арнайы бір күнді бергенімізбен тілдің мерейін өсіруге арналған іс-қимыл бір күнмен, белгілі бір мезетпен шектеліп қалмауға тиіс. Өйткені ұлттың ұлт болып сақталып қалуына қажетті ең қуатты қару – тіл. Мұны мен емес Алаш қайраткерлері осыдан жүз жыл бұрын шегелеп айтып кеткен.
«Тіл арқылы қазақтың бүкіл дүниетанымы, діні, ділі, тарихы бүгін бізге жетіп отыр. Мұны одан әрі бізден кейінгі буынға жеткізу бізге аманат.
Қазір интернет арқылы жаһандану үдерісі уақыт өткен сайын қарқын алып келеді. Интернеттің, түрлі коммуникация құралдарының дамуымен құндылықтардың жұтылуы көз алдымызда өтіп жатыр.
Тіпті, бүгінде әлеуеті мол деген үлкен ұлттардың өзі етек-жеңін жиып, болашақта өз тілінің жоғалып кетпеуі үшін қам жасауда. Ал саны жағынан аз қазақтарға өз ана тілімізді дамыту үшін көп қимыл жасауды талап етеді»,- деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Бүгін бірнеше зиялы қауым, ғалымдар Қаламгерлер аллеясындағы Алаш қайраткерлері ескерткішіне гүл қойып, Ахаңның рухына тағзым етті. Алдағы екі апта көлемінде Елордада түрлі деңгейдегі 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button