Жаңалық

«Батыр» фильмінің тұсауы кесілді

Қазақстандық «Батыр» фильмі Адам құқықтары күніне орай, БҰҰ қолдауымен тұңғыш рет көрерменге жол тартады.

Бүгін Халықаралық адам құқықтары күні және 16 күндік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан аясында «Батыр» қысқаметражды фильмінің онлайн тұсаукесері өтті.

«Батыр» фильмі сегіз беделді халықаралық кинофестивальдің қатысушысы және Ұлыбританиялық London X4 – Seasonal Short Film Festival фестивалінде «Үздік қысқаметражды фильм» және «Үздік әйел рөлі» жүлдесінің иегері.

Аталмыш фильм – әлемді біз қалағандай қалпына келтірудегі адам құқықтарының маңыздылығы, жаһандық ынтымақтастық пен ортақ адамзаттың қажеттілігі туралы тағы бір мәрте ескерту мүмкіндігі. БҰҰ қолдауымен фильм тұңғыш рет Қазақстанда көпшілікке ұсынылады.

Атамыш фильмді түсіру идеясы баласының денсаулығын сақтауға үлкен ақша табу үшін өз тәнін құрбан еткен әйелдің шынайы оқиғасынан туындаған.

БҰҰ барша қауымдастықты, серіктестерді трансформация жүргізуге қолдау көрсетуге тартуға және неғұрлым тиімді қалпына келтіруге жәрдемдесетін және өміршең әрі әділ қоғам үшін жағдай жасай алатын тәжірибелік іс-шаралардың рухтандыратын мысалдарын көрсетуге ұмтылады.

Фильмнің қысқаша мазмұнын айтатын болсақ, онда Динаның баласы қатты науқастанып қалады. Оны құтқаруға берілген уақыт күн сайын азайып барады. Бірақ мұндай қысқа мерзімде жалғызбасты жесір әйелге қаражатты қайдан алуға болады? Бұл қиындық кейіпкерді ашындырады, бірақ оған көмек қолын созушылар да табылды. Динаның бастығы белгілі бір «қызмет» үшін қаржылық қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді. Қатал шындық оған қиын сауал қалдырады: ар-ождан қорлауынан өтіп, батырларға деген сенімін жоғалту немесе өз баласының денсаулығын құрбан ету.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button