Қостанай облысы

Батыр Маңдай Байдәулетұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: ХIХ ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Мендіқара ауданы, Алқау ауылы.

Маңдай батыр екі иығына екі адам мінердей қапсағай денелі, қарулы, екі алақаны  қос күректей  жалпақ жан болған. Ол салт жүруді, қоян-қолтық ұрыста қаруды шебер меңгере білген. Маңдай батыр дарынды қолбасшы, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған ержүрек батыр ретінде халық жадында қалған. Абылай ханның туы астында Маңдай әскері барлық ірі шайқастарға қатысып, біршама уақыт Абылай ханның жеке жасағына басшылық еткен. Өмірінің соңына дейін туған жерін қалмақтар мен башқұрттардың шабуылынан қорғаған. Маңдайдың бекеттері Тоғызақ, Шадықсай, Екеншілік, Былғашы, Талды, Қайрақ ауылдарында тұрған, ал оның ордасы Маңдай ауылында орналасқан. Аңыздар бойынша, батыр өмірден өтерден үш-төрт жыл бұрын жас буын «Осы батырды сынайық» деп  батырдың  он екі қанат киіз үйінің есігін қыл арқанмен шандып, дауылпаз қағып: «Жау, жау шапты!» деп аттан салады. Есікті он шақты жігіт итеріп тұрыпты. Сонда батыр атып тұрып, есікті етігімен бір тепкенде есік быт-шыт ұшып кетеді де, әлгі жігіттер қалпақтай түседі. Батыр атына мініп «Жау қайда?» десе, жігіттер тым-тырақай қаша жөнеліпті. Батыр қуып жүріп сыбағаларын берген екен», – дейді. Батыр 93 жасқа қараған шағында дүние салған және ұзын-қыпшақтар зиратында жерленген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button