Бауырсақ қалай пісіріледі?
Павлодар облысында «Бауырсақ FEST» онлайн іс-шарасы өтуде
Қазақ xалқының дәстүрлі асxанасы құнарлы әрі пайдалы тағамдарға өте бай. Ол тағамдар пайдалы болып қана қоймай дәмділігімен көптеген адамдардың жеңсік асына айналған. Еліміз қашаннан да сүт өнімдерімен қатар ұннан жасалған тағамдарға баса назар аударған.Тіптен «Ас атасы-нан» деп нанның қадір-қасиетін айқындап берген. Қазақ асxанасында ұн өнімдерінен жасалатын ұлттық тағам түрлері жетерлік. Солардың ішінде кеңінен танымалы, әрбір қазақ дастарxанының төріне қойылатын ұлттық тағамымыз-бауырсақ.
Осыған орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты аясында 2020 жылдың 20 шілдесі күні «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығманов атындағы орта мектебі» КММ бастамасымен «Бауырсақ FEST» атты онлайн іс-шарасы өз бастауын алды. Мақсаты-ұлттық сана-сезімі мен сыни ойлаудың жоғары деңгейі бар, өзін-өзі дамытуға, бәсекеге қабілетті белсенді тұлғаны қалыптастыру, ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақ халқының ерекше ұлттық тағамдарын насихаттау.
Іс-шараның ережесі бойынша әр оқушы өз үйінде анасымен бауырсақ пісіріп, жасалу жолын, атауын таныстыра отырып бейнеролик түсіреді.
Бүгінгі күні әлеуметтік желідегі @aktogai_nugmanova инстаграм парақшасында бейнероликтер жариялануда.
Бауырсақтың түрлері көп және ол әр пішінде болады. Қамырдың иленіп,бауырсақтың пісірілуі ұқсас болғанымен оның бірнеше атаулары бар. Ашытып пісірілген, ақтай әзірленген немесе ши бауырсақ деп те атап жатады.Оны әркім өз қалауынша пісіруді дәстүр озығына балап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді,-дейді қатысушылардың бірі, бауырсақ пісірудің шебері.
«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Нығманов атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Ғалымбек Жантемировтың айтуынша:
– Осындай шаралар салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттауға, өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке баулу, отбасылық құндылықтарды нығайтуға өз септігін тигізеді. Қатысушылар бауырсақ әзірлеу әдістерімен танысты. Аталмыш шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлаудамыз. «Бауырсақ FEST» атты шараның нәтижесінде барлық оқушылар дипломдармен марапатталады.
Павлодар облысы
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі