Жаңалық

Бэби-бумерлер туралы не білеміз?

Бэби-бумерлер. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1946–1964 жылдары бала тууы күрт артқан кезде 78 миллион бэби-бумер дүниеге келді.

Жылдар бойы бэби-бумерлер маркетинг ортасын қалыптастыратын ең қуатты күштердің бірі болды. Ең жас бэби-бумерлердің жасы елудің ар жақ, бер жағында ең кәрілері жетпістен асып, зейнетке шыққан.

Бэби-бумерлер АҚШ тарихындағы ең бай ұрпақ саналады, бір эксперттің сөзімен айтқанда, олар – «маркетологтың арманы». Бүгінде бэби-бумерлер АҚШ популяциясының шамамен 26%-ын құрайды, алайда халық табысының 70%-ын және бүкіл тұтынушылар шығысының жартысын басқарады.8 Бэби-бумерлер қаржы қызметтері, жаңа тұрғын үй салу және үй жөндеу, жаңа көліктер, саяхат және ойын-сауық, тамақтану, денсаулық пен фитнес өнімдерін және барлық басқа нәрселер үшін тиімді нарықты құрайды. Олар өз жолымен жүреді деген танымал түсінікке қарсы жауап ретінде жақында өткізілген бір сауалнама бойынша бэби-бумерлердің 82%-ы жаңа брендтерге ашық екені анықталды. Зерттеушілердің айтуынша: «Жаңа брендтерді қолдану мен оларды өзгерту бэби-бумерлерге өзінің әлі де күшті екенін сезінуге көмектеседі».

Қартайған бэби-бумер тоқырауға ұшырады деп ойлау қате болар. Өзін солай көрудің орнына қазіргі бэби-бумерлердің көбі өмірдің жаңа кезеңіне аяқ бастық деп есептейді. Неғұрлым белсенді бэби-бумерлер өзінің жастық өмірін тастағысы келмейді. Мысалға, жасы 50-ден асқан егде адамдар Америкада люкс саяхаттаушылардың 80%-ын құрайды. Бэби-бумерлер сондай-ақ цифрлық технологияларда белсенді және барған сайын әлеуметтік медианы жақсы түсініп келеді. Олар онлайн тұтынушылар арасындағы ең жылдам дамып келе жатқан демографиялық топ бола тұра, жас буыннан екі есе алда келе жатыр. Айталық, олар Facebook қолдану бойынша соңғы төрт жылда 80% өсім көрсетіп, әлеуметтік медианы қолданушы топтар арасындағы ең жылдам өсіп келе жатқан топ.

Осылайша бэби-бумерлер қартаю мәселесін шешуге көмектесетін көптеген өнім – дәрумендер мен қан қысымы мониторларынан Good Grips асүй құралдарына дейін сатып алатынына қарамастан, өзінің жас ерекшеліктеріне емес, жастарша ойлау ерекшеліктеріне жүгінетін маркетологтарды бағалайды. Мәселен, Walgreens жақында Carpe Med Diem атты кампания бастады, ол қарт бэби-бумерлерге өмірден көбірек әсер алу үшін «әр сәтті құр өткізбеу» және олардың Medicare Part D тағайындауының Walgreens-дегі басты беті тек тағайындауды үнемдеуге емес, сонымен қатар әдемі көріну мен өзін жақсы сезінуге көмектеседі. Бір Carpe Med Diem жарнамасында шашы күлгін түске боялған белсенді және сәнді бэби-бумер әйел бейнеленген және «Кім аққұбалар ойын-сауық құра алмайды дейді?» деген тіркес бар. Басқа жарнамада екі бэби-бумер әйел Walgreens тағайындауын қабылдайды, содан кейін жағажайға шықпас бұрын күннен қорғайтын крем жағып алып, күн көзінде керемет көңіл-күйде рақаттанады. Жарнамада айтылғандай, «Walgreen’s сізді қорғайды», «Medicarе-ге иелік еткен соң ойын-сауық құра алмайсыз деп кім айтты?»

Котлер Филип, Армстронг Гари

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button