Қостанай облысы

Бейсен би Байжанұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: 1904 жыл.

Нысанның орналасқан жері: Жангелдин ауданы, Шұбалаң ауылынан 4 шақырым жерде.

Бейсен би Байжанұлы (1831-1904) – Торғай даласының тумасы, халық арасында данагөй, батыл, парасатты, тамаша ұйымдастырушылық қабілеті бар адам ретінде танымал болған. Бейсеннің ел кәдесіне жарар би болары арғы атасы Ізбастының қаны мен атақты көріпкел Мүсірептің  батасынан дарыса керек. Бейсеннің өзінің де сәуе көретіні болған.

Байжанұлы Бейсенге 1863-ші жылы Ресей патшалығы тарапынан Хорунжий атағы беріліп, 1865-ші жылы Анна лентасындағы алтын медаль тапсырылған. 1870- шы жылы жүзбасы әскери атағы беріліп, Владимир лентасындағы алтын медаль тапсырылған. Бейсен би есімі ұрпақтарының есінде мәңгілік сақталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button