БЕКЕТ АТА (ОҒЫЛАНДЫ ЖЕРІНДЕГІ, ХVIII Ғ. ЖӘНЕ КӨНЕ БЕЙНЕУ ЖЕРАСТЫ МЕШІТ
Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) – қазақ халқының ірі діни қайраткері,ағартушы, батыр, сәуегей. Бекет ата – Маңғыстау, Атырау, Үстірт өңірлерінде бала оқытатын жерасты мешітін қашап жасаған сәулетші-шебер; бойына табиғаттың тылсым күшін игергенемші. Жас кезінде қолына қару алып, көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасқандықтан, ел аузында Ер-Бекет атанды. Оғыландыдағы жер асты мешіттерінде ол сопылық мектептің негізін қалады. Халық ең ізгі, шуақты қасиеттері үшін Бекет атаны қадірлеп, әулие тұтқан. Бүгінгі күні бұл жер адамдарды аурудан емдейтін, рухани азық беретін, үйсіз далада қалғандарға пана болатын, адасқанға жол көрсететін киелі орын ретінде танымал. Бекет ата Хиуадағы Шерғазы медресесін бітіргеннен кейін ағартушылық қызметпен айналысты.
Маңғыстау аумағында бес мешіт салдырды. Бекет ата салдырған мешіттердің бірі Оғыландыда болса, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Ақмешітте, төртіншісі Баялыда, Арал теңізінің жағасында орналасқан. Олардың бәрі де жерасты мешіттері болып табылады. Маңғыстаудан қашық емес Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын.
Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=164