Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды
«Қазақ-серб достығы» аллеясының ашылу салтанаты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сербия астанасында қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің жанында «Қазақ-cерб достығы аллеясы» ашылды.
Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардан тұратын аллея отырғызу рәсіміне Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков, Белград қаласының мэрі Зоран Радойичич, Қазақстан достары клубының мүшелері және Сербиядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Министрліктің ақпаратына қарағанда, Белградтағы жаңа аллея – Елшіліктің осы айтулы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы.
«Аталған іс-шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Белградтағы жаңа аллея – Елшіліктің осы айтулы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы. Жақын арада Златибор округінің орталығы – Ужице қаласында Қазақстан-Сербия достығы саябағын және Белградтағы Дунай мен Сава өзендерінің сағасында «Қазақстан» аллеясын ашу жоспарлануда», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, достық аллеясының ашылуы аясында Қазақстан Елшілігі мен Сербияда тұратын отандастар Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның ескертшіне гүл шоқтарын қойды.