БЕСПАҚЫР KECEHECI
Беспақыр кесенесі – XIX ғасырдың діни сәулет ескерткіші. Ақмола облысы, Қорғалжың ауданының Абай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 шақырым жерде орналасқан.
Беспақыр кесенесі құрамына қой сүті, жүні және балшық кіретін өңделмеген кірпіштен қаланған. Оның бірегейлігі – кіреберістегі күмбездің жоғарғы жағы опырылып, кіретін доға айналасындағы қабырғаның қирандысы түзілген. Ескерткіш күмбезді кіреберісі бар саған түрінде жасалған өзіндік мазар түрінде сипатталады. Екі бөлмелі композиция көлденең осінде шығыстан батысқа қарай созылған. Шағын көлемнің пропорциялары алдыңғы қабырғаның тегіс пішіндерімен ерекшеленеді. Шығыс жағындағы аласа доға есік кірпіштен қаланып шығарылған, ол күмбезбен жабылған диаметрі шамамен 2,8 м сопақ бөлменің ішіне апарады. Есік осі бойынша аласа доға тесігі 6,5 метр саған түріндегі, қабырғаның биіктігі 3 метр басты дөңгелек бөлмеге әкеледі. Кесене алғаш рет 1987 жылы зерттелген. Аңыз бойынша кесене XIX ғ. 30-жылдары Кенесары ханмен бірге соғысқан бес жауынгердің құрметіне тұрғызылған.
2006 жылы «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының жиынтық бөлімі (жетекшісі – Г. Қамалова) зерттеген.