Жаңалық

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі»: Астанада халықаралық конференция өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Конференцияда саяси және әскери қақтығыстардың алдын алудағы әйелдердің рөлі, қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік стереотиптерді насихаттау, құқық қорғау органдарындағы гендерлік көзқарас, әйелдер көшбасшылығы және т.б.   тақырыптар қозғалды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға тоқталды. Биыл жаңартылған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» ұлттық жоспарының жүзеге асырылу барысы да сөз етілді.

Осылайша, аталған жоспар бойынша  қызметтегі әйелдер саны артып келеді, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары, баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдері де оқудан сәтті өтті. Батыс Сахара, Ливан және Кот-д'Ивуардағы БҰҰ миссияларына жеті әйел сарбаз қатысты. Жаңартылған жоспарға барлығы 18 жаңа пункт енгізілді.

Айта кету керек, 2025 жылғы жаһандық гендерлік күн тәртібінде екі атаулы күн белгіленді. Атап айтсақ, 1325 «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» қарарының – 25 жылдығы және әйелдер құқығын қорғайтын негізгі халықаралық құжаттың бірі Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының – 30 жылдығы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button