Жаңалық Редакция таңдауы

Бибігүл Төлегенованың вокалистер конкурсы басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 11-17 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер конкурсы өтеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Халықаралық байқау жас ұрпақты өнегелік және эстетикалық тұрғыда  тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ конкурс жас талантты орындаушыларды анықтауға, қазақ классикалық өнерінің беделін көтеруге, жастарымыздың рухани дамуына ықпал етеді.

Конкурсқа қатысуға көптеген мемлекеттен 66 өтінім келіп түскен. Олардың ішінде Қытай Халық Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Әзірбайжан, Тәжікстан бар.

Конкурстың іріктеу кезеңі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Ермек Серкебаев атындағы камералық залында өтеді. Байқаудың ашылу, жабылу және финалдық туры Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының басты сахнасында өтеді.

Конкурсқа қатысушылардың өнерлерін КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова төрағалық ететін беделді және кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Қазылар алқасының құрамына әлемдік опера өнерінің шеберлері кірді. Олар:

  • Жаманбаев Базарғали Әжіұлы – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (Қазақстан, Алматы қ.);
  • Гусев Анатолий – Форо Бонапарттағы Музыкалық академиясының профессоры, Г.Доницетти атындағы Академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі (Италия, Милан);
  • Басыров Дамир – Прага операсының солисі, Коми Республикасының Халық әртісі (Чехия, Прага);
  • Заремба Елена – халықаралық конкурстарының лауреаты, Г.Вишневская опералық ән айту орталығының оқытушысы, Мәскеу консерваториясының жеке ән айту оқытушысы (Люксенбург);
  • Цзян Шанжун – Гнесиндер атындағы Мәскеу музыка өнер академиясының вокал бойынша оқытушысы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Мәдениет және өнер институтының доценті (ҚХР);
  • Вирджинио Федели – Грэмми сыйлығының лауреаты, продюсер, халықаралық консалтинг бойынша менеджер, Фародағы Делла Фортуна театры Қорының көркемдік жетекшісі, Халықаралық қатынастар қорының бас директоры (Италия, Болонья).

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button