Жаңалық

БИЕ БАЙЛАУ ЖӘНЕ ҚЫМЫЗДЫҢ ҚУАТЫ

Қымыздың қуаты. Биені қалай байлайды? Қымыздың құрамы қандай?

Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Бірақ соған қарамастан бие байлағанда құлынды жақсы бағып-қағу ісі, әлі де болса, кей орындарда дұрыс жолға қойылмаған. Құлындар күні бойы желіде байлаулы аш тұрса мұның өзі олардың өсуін едәуір баяулатады.

Биелер жайылымда болған кезде құлындар арнайы аулада бағылып, оларға жем-шөп, су және минералды азықтар (жалама туз) берілуі тиіс. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3-4 рет сауылады, содан кейін сауу реті арта береді. Сауым аралығына 2 сағат салып биелер тәулігіне 12 сағатқа дейін сауылады. Қалған уақыттарда бие құлынмен бірге жайылымда бағылады. Құлынның енесін емуін бірте-бірте азайтып, оның есесіне жаңа шабылған көк шөп, жаншылған сұлы немесе жармаланған арпа беріледі.

Биенің сүттілігі тұқымына қарай ажыратылады. Мысалы, ауыр жүк тартатын жылқы мен қазақи жылқыдан алынған будан биеден орта есеппен тәулігіне – 15 литр, жабы биеден — 14,9 литр, көшiм биесінен — 12,8 литр, салт мініс жылқысы мен қазақи жылқыдан туған будан биеден 12,3 литр сүт шығады.

Бие сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді. Ол малдың күшіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына және тұқымына қарай өзгеріп отырады. Бие сүтінде 1,8-2,2 пайыздай белок болады. Белок казейн, алюмини және глобулин сияқты үш түрге бөлінеді. Сондай-ақ бие сүтінде 40%-дай еритін белок, 2,1-2,3 пайыз май, 6, 1-7,4 пайыз лактоза бар.

Бие сүтінде адамның денсаулығына қажетті дәрумендердің барлығы да кездеседі. Әсіресе ол А және С дәруменіне бай. Оның бір литрінде 0,0690-0,092 мм — А дәрумені, 87-330 мм С дәрумені бар.

Биені қолмен сауғанда құлынын салып идірсе, ол әсте өте тез иіп сүт мол шығады. Биені қолмен сауу ерекше шеберлік, малды күтудің мәнісін білуді талап етеді. Биені колмен слуу үшін, ең алдымен, оны үйретіп, жуасытып алу керек, Асау биелерді тұсап немесе шідерлеп сауады, Сауған кезде тыныш тұрмайтын биелердің қолдауынан жіп өткiзiп күнделеп, бір аяғын көтеріп тұрғызып қояды.

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button