Жаңалық

Биікке! Биікке! Биікке!

Адам әрқашан жоғарыға ұмтылу керек. Мұндағы мақсат – барлық адамдар басшы болып кетуде емес, үлкен ұмтылыстар арқылы адамдардың жігерленуі, белгілі бір дәрежеде жетістікке қол жеткізуі.

«Аспандағы айға қол созба» деп өзін тежеп немесе өзгеге бөгет болып жататындар бар. Бұл – түбегейлі қате ұғым. Адам баласының барлығында қарым-қабілет бірдей. Оның уақыт өте келе әрқилы болуының себебі – бірі өзін дамытады, екіншісі сол қалпынан ажырамай қалып қояды.

Өзін дамытумен айналысқан адам – биікке ұмтылатын адам. Оның санасында үлкен армандар, ауқымды жоспарлар өмір сүреді.

Ал жоғарыға қол созғандар қандай жағдай болмасын, жерде қалмайды. Ал самғауға құлшыныс танытпағандар өмірінің ақырына дейін өзгеріссіз қалпында, мимырт тірлікпен өмір кешеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button