Жаңалық

Білім – қазіргі заманның талабы

Білім алу – адамдықтың ең биік шыңына жетелейтін жол. Білімді адам бүгінгі қоғамда «сапалы адам» болып есептелетіні анық.

Қазақ үшін жанын пида еткен, бір қадам жер үшін майдан ашудан қашпаған атақты Абылай хан уағында «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген екен. Осы бір екі ауыз нақылдың өміршең екенін ұғын.

Өйткені, заман талабы өзгеше. Қазіргі уақытта барлығы біліммен, адамның жан-жақтылығымен есептеледі. Есіңде болсын, қазір ешқандай күш те, өзге жолдар да атақты тұлға, саналы адам, сапалы маман болуға көмектесе алмайды.

Сондықтан, жас кездегі күшті тек қана білімге жұмсау керек. Бүгін алған білімің – болашаққа құйған капитал. Келешекте ол капитал сен үшін жұмыс жасамақ.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген қазақтың нақылы есіңде болса, ұмтылыс жаса! Өйткені заман талабы – сапалы білім алу!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button